Қарт құрлықтың 17% кеуіп қалудың алдында тұр
Еуропада соңғы 500 жылда болмаған қуаңшылық салдарынан өзен-көлдер кеуіп, жасыл желек қурап барады. «Қарт құрлықтың 17 пайызы кеуіп қалудың алдында тұр», – дейді мамандар.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Қазір Италия, Испания, Португалия, Франция, Германия, Нидерланд, біз тұрған Бельгия, Венгрия, Румыния, жалпы Еуропа аумағының 47 пайызы қуаңшылықтың зардабын тартып отыр. Швейцария мен Францияның шекарасындағы Брене өзені суалған. Бұрын оның тереңдігі 18 метр болатын. Басқа да өзендерде судың тартылуы кемелердің жүрісін қиындатты. Балықтар қырылып жатыр. Өсімдіктер, ағаштар, егін қурап барады. Шаруалар биыл су тапшылығы, аптап ыстықтың кесірінен жүгері мен күнбағыстан алынатын өнім 15-20 пайызға азаяды деп дабыл қақты. Әдетте күннің көзіне зәру болатын британдықтар мен бельгиялықтар енді жаңбыр құйса деп тілеп отыр. Алайда Еуропалық комиссияның ғалымдары Жерорта теңізінің Батыс бөлігінде ауа райы қарашаға дейін құрғақ, жылы болады деп болжайды.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01