Ресей армиясы Украинаның Чаплино станциясына зымыранмен соққы берді
Ресей армиясы Украинаның Днепропетровск облысындағы Чаплино станциясына зымыранмен соққы берді.
Соңғы мәліметке қарағанда, 25 адам қаза тауып, ондаған тұрғын жараланған. Қайтыс болғандардың ішінде бір бала бар. Жергілікті басшылықтың хабарлауынша, ракеталық шабуылдан үй мен вокзал қирап, жолаушылар пойызының бес вагоны жанып кетті. Чаплино Ресей әскері жартылай басып алған Донецктен батысқа қарай 145 шақырым жерде орналасқан. Президент Владимир Зеленский бұл оқиға үшін Ресей жауап беретінін ескертті. Алайда, Мәскеу станциядағы трагедияға байланысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте балалардың жазғы демалысы мен инклюзивті білім беру мәселелері қаралды
31.07.2026, 20:40
«Болашақ ойындары-2026»: Баскетболдан турнир өтіп жатыр
31.07.2026, 20:30
Қазақстанның даму банкі ірі жобаларға қаржы құяды
31.07.2026, 20:23
Құрылтай сайлауына қатысатын саяси ұйымдардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
31.07.2026, 20:13
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
31.07.2026, 20:11
Лудоманияға қарсы шектеулер оң нәтиже беріп жатыр
31.07.2026, 20:06
Банктердің төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа моделі енгізілді
31.07.2026, 20:05
Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакеті қабылданды
31.07.2026, 20:03