Ресей - Қазақстан шекарасындағы азаматтары үшін «жасыл дәліз» ашылады
Ресейден Қазақстанға өте алмай тұрған ел азаматтарына- «жасыл дәліз» ашылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі айтты. Соңғы күндері ресейліктердің біздің елге қарай ағылуы салдарынан, Қазақстан азаматтары шекарада кідіріп қалды. Сондықтан оларға көмек көрсетіледі. Үкімет басшысының орынбасары Қазақстанға келіп жатқан ресейліктердің көбі - транзит арқылы басқа елдерге кетіп жатқанын да айтты. Жағдайға байланысты қандай да бір дүрбелең туғызуға негіз жоқ деді ол.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі:
Кеше Ресей Үкімет басшысының орынбасарымен сөйлестім. Шекарадан елге өте алмай тұрған Қазақстан азаматтары бар. Осы орайда азық-түлік тиелген көліктерге қатысты Ресей жағымен уағдаластық жасалды. Бұл мәселе бойынша тиісті тәртіп енгізіледі. Бүгін екі елдің шекара қызметтері өзара келісіп, тиісті жұмыстар жасалады. Біздің азаматтар мен азық-түлік тиелген көліктер үшін «жасыл дәліз» ашуға тырысамыз. Бұл жерде ешқандай проблема жоқ.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01