Жетісу облысының Текелі моноқаласында болат өндіретін зауыт іске қосылды
Жетісу облысының Текелі моноқаласында болат өндіретін зауыт іске қосылды. 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашқан жоба құны 4,3 млрд теңге. Кәсіпорында құрамының 99 пайызы темірден тұратын болат өндірісі жолға қойылмақ. Зауыттың бірінші кезеңінде жылына 20 мың тонна өнім шығарылады. Ал толық қуаттылығына көшкенде 100 мың тонна шикізат өндіруге қауқарлы. Текелі тау-кен өңдеу кешенінің негізінде салынған зауыт Жетісу облысының экономикалық әлеуетін еселеуге қомақты үлес қосады деп жоспарланып отыр. Кәсіпорын өнімін алыс-жақын шет мемлекеттерге экспорттау көзделген.
Әбдіраман Еділбаев, компаниялар тобының директоры:
Бұл кәсіпорынды еліміздің қара металлургиясын дамытудағы тағы бір қадам десек болады. Себебі бұл жерде қолданылатын көмір өзіміздікі. Ал руда өзіміздің Бапы кен орнынан жеткізіледі. Өнімге қазірдің өзінде Ресей мен Қытайдан, Түркия мен Еуропадан сұраныс көп.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10