Президент: Еңбек адамы қоғамда әрқашан құрметке лайық болады
Адамды табысқа кенелтетін де, атақ-даңқын асқақтататын да еңбек дейді, Жетісулық еңбек ері Күләш Айтжанова. Небәрі 13 жасында қой қырқу науқанына қызу араласып, кейін қолына кетпен ұстап, ерлермен тең жұмыс істеген қарт ана Президенттің қарапайым еңбек адамына деген құрметіне ерекше ризашылығын білдіріп отыр. Ол өмір бойы жүгері алқаптарында етігімен су кешіп, егістік суарып, жұмыстың ауыр-жеңілін таңдамаған. Жазиралы Жаркент өңірінің бірнеше буын жастарына үлгі болған батыр әже ауданның қоғамдық жұмыстарына әлі де араласып, ұрпақты еңбексүйгіштікке тәрбиелеп келеді. Еңбек ері: жердің қадірін білген еңбектің де қадірін біледі деген пікірде.
Күләш Айтжанова, Еңбек ері:
Адамның екі анасы бар. Бір анасы - сүт беріп, бауырына басып, балапан қылып өсірген анасы. Екінші - жер анасы. Біз мына жер ананы қадірлеуіміз керек. Жер ана біздің өмірлік анамыз. Өмірлік ырыздық-несібеміз. Сол үшін құдайым берген ырыздығын жерден теріп жеп, жеріміз таза, еліміз аман болса екен деп соның тілеуін тілеймін.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53