Талдықорғанда аурухана есепшісі қамауға алынды
Талдықорғанда облыстық балалар ауруханасының есепшісі мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Ол емдеу мекемесі қызметкерлерінің зейнетақы және міндетті әлеуметтік сақтандыру жарналарын бес ай бойы аудармай қалтасына басып келген. Медбике мен тазалықшылар тиісті төлемдердің түспей жатқанын несие рәсімдеу немесе емделуге барған кезде бірақ білген. Қазір Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу басталды. Шығын көлемі шамамен 116 млн теңге.
Ербол Құрманбаев, Жетісу облыстық экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі:
Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының есепшісіне қатысты мемлекеттің ақша-қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижесі бойынша сотпен шешім қабылданатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01