Мәжіліс депутаты: Елдімекендер арқылы өтетін үлкен жолдарды толығымен жарықпен қамтамасыз ету керек
Елдімекендер арқылы өтетін үлкен жолдарды толығымен жарықпен қамтамасыз ету керек. Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев премьер-министрдің бірінші орынбасарына жолдаған депутаттық сауалында ақылы жолдарды қоршауды ҚазАвтоЖол-ға міндеттеуді ұсынды. Оның айтуынша жол апатарының 75 пайызы инфрақұрылымы төмен, жаяу жүргіншілер жолы жоқ, жарықтанбаған елді мекендерде болады. Ал, ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша елімізде жыл сайын 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеледі. Соның салдарынан 2 мыңға жуық адам қайтыс болса, 18 мыңға жуық адам түрлі жарақаттар алған. Сондықтан ел аумағындағы жолдарды барынша қауіпсіз етуіміз қажет - дейді депутат.
Фахриддин Қаратаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
Кеше ғана Жетісу облысында жолдағы қоршаудың болмауынан мал жолға шығып, жол апатына себеп болды. Өкінішке орай, адам қазасы бар. Мұндай жағдай өте көп. Жалпы республика бойынша 2 млн погондық метр қажеттілік бар. Бүгінгі таңда, оларды орнату жұмыстары Алматы, Жетісу облыстарында және Шымкент қаласында нашар жүріп жатыр.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58