Абай облысындағы Ақшатау ауылында саятшылардың республикалық сайысы өтті
Абай облысындағы Ақшатау ауылында саятшылардың республикалық сайысы өтті. Салбурынға еліміздің әр қаласынан тазы баптайтын аңшылар жиналды. Жарысқа қосылған 66 құмайдың ішінен, аузымен құс тістеген жүйріктері анықталды. Жарыстың бірінші күні шырға тартылды. Анықталған жүйрік тазы иелері қомақты сыйға ие болды. Аңшылық өнерді дәріптейтін бәсеке/ далада саятшылықпен жалғасты. Ең мықты тазының арландарын аңшылар енді қоян, түлкі мен қасқырға салып көрмек.
Мансұр Қанатбекұлы, саятшы:
Бұл үш қар басқан арлан. Осы жолы Шығыстың намысын қорғап бірінші орын алдық. Міне осы жарыста да бірінші орын алып отыр. Осы Аягөз қауымына, жарысты ұйымдастырып жатқандарға көп-көп рахмет айтамын.
Серікжан Бодықов, ұйымдастырушы:
5-6 жылдың айналасы болды. Мықты дамып келе жатыр құмай тазылар. Қазір жастарымыздың көбі тазы ұстап, ат ұстап өзімізің осындай ұлттық өнерімізге үлестерін қосып жатыр.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15