Ұлыбританияда инфляция соңғы 40 жылдағы ең жоғары деңгейге көтерілді
Ұлыбританияда инфляция соңғы 40 жылдағы ең жоғары деңгейге көтерілді. Елдің Статистикалық Кеңсесінің дерегінше, ол былтырғы қыркүйектен бергі бір жылда 10,1 пайызға өскен. Сарапшылардың пікірінше, экономика әлсіреп жатқанда бағалардың қымбаттауы қауіпті жағдай.
Айта кетсек, бұл мемлекетте коронавирус пандемиясынан халықтың жағдайы айтарлықтай нашарлап кеткен еді. Ал, Ресейдің Украинаға әскер кіргізуі салдарынан Еуропада табиғи газ бағасы шарықтап, Британиядағы экономикалық ахуал одан сайын қиындап отыр.
Біріккен Корольдіктің қаржы министрі Джереми Хант мәлімдегендей, үкімет кеңірек экономикалық тұрақтылық пен ұзақмерзімдік өсімді қамтамасыз ете отырып ең алдымен қоғамның осал топтарына көмек көрсетуді жоспарлап отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27