Ауыл тұрғыны: Мақсатым - ата кәсіпті дамыту
Абай облысының Үржар ауданында мемлекет қолдауының арқасында мал бордақылау алаңдары көбейген. Кей шаруашылықтарда ірі қара саны 3 мың басқа жетті. Сапалы ет өндірісін өркендетуге әсіресе жастар қызығушылық танытып отыр. Өйткені, ерінбей еңбек еткендер еселеп пайдасын көруде.
28 жастағы мақаншылық Нұржан Төлегенов аграрлық университетті тамамдап, осы сала бойынша магистр атанған. Қолына дипломын ала сала ауылға келіпті. Мақсатым - ата кәсіпті дамыту дейді. Қазір асыл тұқымды ірі қараның аналығын 500-ге жеткізген. 300-дің үстінде жылқысы бар. 600 басқа арналған бордақылау алаңын іске қосқан ол ауыл шаруашығымен кәсіби түрде шұғылданып отыр.
Нұржан Төлегенов, шаруашылық басшысы:
Атамыздың бастаған ісін, кәсібін әрі қарай дамытып, дөңгелетсек деген ниетпен ауылға келдік. Оңай емес. Бұл енді 12 ай ғой жұмысымыз. Қазір қыс бойы бордақылаймыз, одан кейін көктемде жер жыртып егін сеуіп, шөбін дайындау. Сонымен айналысамыз.
Үржар ауданының шаруалары мал өсіру жағынан өңірде көш бастап тұр. 230 мыңнан астам ірі қара, осынша ұсақ мал бар. Жылқы саны 40 мыңға жуықтайды. Мал тұқымын асылдандыру ісі де нәтижелі. Биыл мемлекет қолдауымен асыл тұқымды түлік сатып алу үшін 450 миллион теңгеге сұраныс жасалған.
Ерзат Болатов, Үржар аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы:
Басқа аудан, басқа облыстардан бүгінгі күнге 1 мың бастың үстінде қойлар әкелді. 200 басқа жуық ірі қара мал сатып әкелінді. Сол сияқты жылқылар да алынып жатыр.
Шаруашылықтың қыр сырын меңгеруге талпынған Нұржан екі-үш жылдан бері түйеқұс өсіре бастады. Өңір үшін таңсық кәсіпті жан-жақты дамытқысы келеді. Жалпы Үржар аудананда соңғы жылдары мал шаруашылығы мен егіншілікпен айналысатын жастар көбейген. Өйткені, ісін бастағандардың қадамын ілгерілетуге мемлекеттен қолдау көп.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай тасымалының жаңа бағыттары ашылады
15.12.2025, 20:57
Мәскеуде пәтер бағасы күрт өсті
15.12.2025, 20:55
Әлем жаңалықтарына шолу
15.12.2025, 20:54
Елімізде аяз күшейіп, боран соғады
15.12.2025, 20:53
Тәртіпке бағынбаған жүргізуші айыппұл арқалайды
15.12.2025, 20:51
Батыс Қазақстан облысында 1,5 мың абонент жарықсыз отыр
15.12.2025, 20:48
Павлодарда барлық бағыт бойынша жолдар жабылды
15.12.2025, 20:45
Елордада алдағы үш тәулікте аяз болады
15.12.2025, 20:44