Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданында 9 бірдей елді мекен газсыз қалды
Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданында 9 бірдей елді мекен газсыз қалды. Белгілі болғандай негізгі магистральдардың бірінде ақау шыққан.
Ержан Жақып, тілші:
Зайсан ауданындағы 9 елді мекенге газ жеткізетін жоғарғы қысымды құбырдан кеше түске таман ақау шыққан. Салдарынан 9 ауыл, 1640 абонент сұйық отынсыз қалды. Жағдайға байланысты жергілікіті әкімшілік жедел штаб құрып жұмыс істеп жатыр. Құбыр қалпына келтірілгенше тұрғындарға қатты отын жағып немесе электр пештерін пайдалана тұру ұсынылған. Ауылдардағы әлеуметтік нысандар жұмысын тоқтатпаған. Бүгін де газ магистралі әлі жөнделіп жатыр. «Құбырдан шыққан ақау күрделі емес. Сондықтан бүгін кешке дейін халыққа газ береміз»,- деп мамандар уәде етіп отыр.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15