Шымкентте балабақша меңгерушісі 5 жыл жаза арқалады
Шымкентте мемлекеттің 19 миллион теңгеден астам қаржысын жымқырған балабақша меңгерушісі 5 жыл жаза арқалады. Ол үш жыл бойына базаға жалған деректер енгізу арқылы қосымша ақша алып келген.
Яғни, «Балапан» бағдарламасымен мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген ақшаға қол сұққан. Бұл істі қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері анықтады. Алаяқтықпен айналысқан меңгеруші бұған дейін үш балабақшаны басқарған. Мектепке дейінгі мекемеге ешқашан бармаған, тек қағаз жүзінде ғана аты-жөні тіркелген сәбилер туралы дерек осы үш балабақшадан табылып отыр.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Ол кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, мемлекетке келтірілген 19,3 миллион теңге залал толығымен өтелді.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10