Абай облысындағы шекаралық ауылдардың жолдары жөнделіп жатыр
Абай облысындағы шекаралық ауылдардың жолдары жөнделіп жатыр. Әсіресе Қытай халық республикасымен іргелес Үржар ауданындағы елді-мекендерде қатынас реттеліп келеді. Биыл 10-ға жуық шалғай ауылдарды аудан орталығымен жалғайтын трассаны жөндеу үшін 1 миллиардтан астам, ішкі жолдарды қалыпқа келтіруге 700 миллион теңге қаржы бөлінген. Ауа-райы қолайлы болғандықтан жұмыс әлі жалғасуда. Кейбір елді мекендердің жолдарына 30 жыл бойы күрек тимеген. Асфальт мүлдем төселмегендері де бар. Енді қатынас жеңілдеп, жылдар бойғы бейнеттен арылдық - дейді тұрғындар.
Фаузия Сүлейменова, Егінсу ауылының тұрғыны:
Қиындық көрдік. Өте көп қиындық көрдік. Қаржы бөлінбейді. Жылда сұраймыз. Жүру өте қиын болды. Машиналар көп бұзылады. Хлықтың қалтасын қағады ғой оның бәрі. Биылғы жылы бұйырып, жасалып жатыр. Өте қуаныштымыз. Рахмет айтамыз!
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01