Шымкент қаласындағы көлік жүргізушілері антирекорд жасады
Шымкент қаласындағы көлік жүргізушілері антирекорд жасады. Олар жол ережелерін жиі бұзғаны үшін енді 7 миллиард теңге айыппұл төлеуі тиіс.
Автокөлік тізгіндегендер көбіне жылдамдықты шектен тыс асыруды әдетке айналдырған. Тіпті жолдың қарсы бағытымен жүретін, бағдаршамның қызыл түсін елемейтіндер де бар. Айыппұлдың біраз бөлігі көлік жүргізіп келе жатып, телефонмен сөйлескендердің үлесінде.
Жол ережесіне бағынбау фактілері автоматты бақылау құралдарының көмегімен анықталған. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы көшелеріне 1600-ден астам бейнебақылау камералары жұмыс істейді.
Соның арқасында жол көлік оқиғаларында адам өлімі 30 пайызға азайған. Есесіне жол ережесін бұзатындар саны 10 есе көбейіп отыр.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10