Абай облысы тұрғындарының дені өз таңдауын жасады
Ержан Жақып, тілші:
Абай облысының халқы белсенді түрде таңертеңнен бері учаскелерге келіп, дауыс беріп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, облыс тұрғындарының 50 пайызға жуығы қазірдің өзінде өз таңдауын жасап үлгерген. Өңірде 417 801 сайлаушы бар. Тұрғындар алдағы жылдары облыс аумағында тұралап қалған кәсіпорындар іске қосылып, жаңадан әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер салынады деп үміттенеді. Мамандар да өңірде ауқымды жобалар қолға алынып, қарқынды даму болатындығын болжайды.
Аман Рахметулин, қоғамтанушы:
Сайлаушылардың биылғы қарқыны өте белсенді. Оның да себебі жоқ емес. Облыс деңгейінде мемлекет тарапынан жасалып жатқан үлкен қолдаулар қазіргі күнде көрініп тұр. Өңір басшылығы әртүрлі инфрақұрылымдарды дамыту жөнінде үлкен жоспарды жариялап отыр. Осы сол жағалауда салынатын аурухана, жастар сарайының салынуы, жаңа көпірдің салынуы. Бұның барлығы халықтың ертеңге деген сенімін ұялатады.
Ержан Жақып, тілші:
Таңертеңнен бері қалада қоғамды көліктер барлық бағыттар бойынша халықты тегін тасымалдап жатыр. Сондай-ақ сайлау учаскелері орналасқан ғимараттарда мерекелік концерттер, көрмелер мен түрлі мәдени шаралар қолға алынған.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
06.12.2025, 17:24
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10