Батыс Қазақстанда мал ұрлағандардың жазасы өзгеріссіз қалды
Батыс Қазақстанда жылқы ұрлаумен айналысқан ағайындыларға кесілген жаза өзгеріссіз қалды.
Ағалы-інілі төрт жігіт соңғы үш жылда бірнеше ауданның шаруаларын қан қақсатып, малын ұрлаған. Полиция олардың қорасынан 600-дей жылқыны тауып, былтыр 6-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шыққан.
Сотталушылар апелляциялық шағым түсірді. Алайда қылмыстық істер алқасы оны қанағаттандырған жоқ. Кейбір шаруалардың ұрланған мал құны әлі өтелмеген.
Ғизатолла Қырықбаев, Облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:
Сот алқасы сіздің мына жазаңызды босатуға ертерек деп санайды. Сіз жете түзелді деп айтуға негіз жоқ деп есептеймін. Сондықтан жәбірленуші жағының өтініші қанағаттандырылып, сот қаулысын бұзды. Сіз жазаңызды әрі қарай өтеуді жалғастырасыз.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан»: 400-ден астам адам экологиялық тазалық акциясына қатысты
07.08.2026, 17:15
БҚО-да спорттық-құқықтық форум өтті
07.08.2026, 17:14
Сыр өңірінде құрылыс қарқыны жеті есеге ұлғайды
07.08.2026, 17:13
СҚО-да сүт фермасы іске қосылды
07.08.2026, 17:12
Түпқарағанда балық шаруашылығы дамып келеді
07.08.2026, 17:09
Ел жаңалықтарына шолу
07.08.2026, 17:08
ҚФФ Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды
07.08.2026, 17:07
Таиландта мектептегі атыстан 7 адам қаза тапты
07.08.2026, 17:06