Талдықорғанда жалған ақпар берген тұрғынның бостандығы шектелді
Талдықорғанда жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпарат берген тұрғынның екі жылға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ 100 сағат мәжбүрлі жұмыстар атқаруға тартылады. Еске салсақ, ол тамыз айында Полиция департаменті ғимаратына жарылғыш зат қойылды деп қоңырау шалған. Жедел іздестіру нәтижесінде 44 жастағы азамат ұсталды. Ол жалған ақпаратты масаң күйде хабарлағанын мойындап, кешірім сұрады.
Жанна Нупбаева, Жетісу облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:
ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабында көзделген тергеу амалдары басталды. Нәтижесінде Талдықорған қалалық сотымен күдікті кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан шектеу, сондай-ақ жазасын өтеу мерзімінде жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлеу жұмыстарына сотталды.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10