Рудныйда жылу мәселесі шешілді
Қостанай облысының Рудный қаласында жарылған құбыр жөнделіп, жылу беру қалпына келтірілді. Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, «Рудный жылу желілері» кәсіпорны апаттық бригадаларының күшімен құбырдың зақымдалған жеріне катушка орнатқан. Естеріңізге салай кетейік, кеше диаметрі 325 мм магистральдық су құбыры жарылған еді. Соның салдарынан 33 көпқабатты үй мен 13 жеке тұрғын үйге және мектепке жылу беру тоқтатылған. Қазіргі уақытта қаланың әлеуметтік объектілері мен тұрғын үйлеріне жылу штаттық режимде берілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан»: 400-ден астам адам экологиялық тазалық акциясына қатысты
07.08.2026, 17:15
БҚО-да спорттық-құқықтық форум өтті
07.08.2026, 17:14
Сыр өңірінде құрылыс қарқыны жеті есеге ұлғайды
07.08.2026, 17:13
СҚО-да сүт фермасы іске қосылды
07.08.2026, 17:12
Түпқарағанда балық шаруашылығы дамып келеді
07.08.2026, 17:09
Ел жаңалықтарына шолу
07.08.2026, 17:08
ҚФФ Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды
07.08.2026, 17:07
Таиландта мектептегі атыстан 7 адам қаза тапты
07.08.2026, 17:06