Талдықорғанда Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай ұйымдастырылған көрме өтіп жатыр
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай ұйымдастырылған көрме Талдықорғанға жетті. Енді жетісулықтар да ардақты әріптесіміздің шығармашылығымен танысып, жеке қолданған заттарын, киімдерін, басқа да экспонаттарды тамашалай алады.
Нұртілеу Иманғалиұлы – Жетісудың тумасы. Бірақ ол тұтас қазақ еліне, ұлтқа қызмет еткен қоғам қайраткері. Сондықтан, қазақ телевизиясына еңбегі сіңген майталманның шығармашылығын дәріптеп, есімін ел есінде мәңгі сақтау үшін облыста бірқатар шара атқарылуда.
Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі:
Бүкіл творчествасын, ғұмырын, өмірбаянын бейнелейтін арнайы жинақ кітап шығару жөнінде мақсат қойып отырмыз. Алдағы жылдары Нұрекеңнің атындағы бильярд немесе футбол турнирін өткізу ойымызда бар.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10