Қабанбай батырдың туғанына биыл - 330 жыл
Даңқты қолбасшы, Қаракерей Қабанбай батырдың туғанына биыл - 330 жыл. Осыдан тура 30 жыл бұрын еліміз тәуелсіздігін алған тұста алғашқы болып жетісулықтар тарихи тұлғаның есімін ұлықтап, мерейтойын Талдықорған төрінде атап өткен болатын.
Игі дәстүрден жаңылмаған жұрт биыл да республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция ұйымдастырды. Ал еліміздің әр өңірінен келген 10 айтыскер ақын жиналған жұртқа саф өнерден шашу шашып, рухани сусындатты. Сөз маржан шеберлері батырдың батылдығын, көш бастар даналығын айтып, сол ауыр кезеңдегі ел бірлігі қазір де қазақ халқының ажырамас ұстанымы екенін тілге тиек етті.
Қамал Әбдірахман, «Қаракерей Қабанбай батыр» қорының төрағасы:
30 жылдың ішінде Қаракерей Қабанбай батырды біршама зерттеп үлгердік деген сөз. Бұның ішінде не бар? Бұның ішінде ауыз әдебиеті, бұның ішінде халықтың аңызы, дастандар, тарихи деректер және топономика. Осының бәрін қостық. Осы төртеуінің басы қосылмаған кезде тарихи тұлғаның басы ашылмайды толық.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10