Биыл елде 1700-ден астам көлік отқа оранған
Биыл ел бойынша автокөліктерде 1700-ден астам өрт тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 11 жарым пайызға кем. Дегенмен мамандар өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін естен шығаратындар әлі де бар екенін айтады.
Көліктің жанып кетуінің бірнеше себебі бар: көп жағдайда гараждарда, аулаларда ұзақ тұрып қалған автокөліктердегі сымдардың істен шығуы немесе ұзақ сапарларда жүрген көлік қозғалтқышының қызып кетуі өртке әкеп соғады. Ал бұл елімізде болатын өрттің 20 пайызы. Сондықтан автокөлік иелері тілсіз жауды дер кезінде сөндіру үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын ұмытпаған жөн.
Аспандияр Сапарғалиев, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің өкілі:
Автокөлікте міндетті түрде өртсөндіргіш болуы керек. Өрт сөндіргіштің жарамдылығын және оны қалай қолдану керек екенін көріп, автокөліктегі нұсқамамен танысып шыққан дұрыс. Одан кейін автокөлікті жылда техникалық байқаудан өткізіп тұру керек. Одан кейін көліктегі электрсымдарын тек мамандармен ғана тексеру керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан»: 400-ден астам адам экологиялық тазалық акциясына қатысты
07.08.2026, 17:15
БҚО-да спорттық-құқықтық форум өтті
07.08.2026, 17:14
Сыр өңірінде құрылыс қарқыны жеті есеге ұлғайды
07.08.2026, 17:13
СҚО-да сүт фермасы іске қосылды
07.08.2026, 17:12
Түпқарағанда балық шаруашылығы дамып келеді
07.08.2026, 17:09
Ел жаңалықтарына шолу
07.08.2026, 17:08
ҚФФ Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды
07.08.2026, 17:07
Таиландта мектептегі атыстан 7 адам қаза тапты
07.08.2026, 17:06