Қатар-2022: Келесі кезеңге жолдама алған командалар белгілі
Келесі кезеңге жолдама алған командалар белгілі. Дегенмен жартылай финалға дейінгі жол оңай болған жоқ. Күтпеген жеңістер мен жеңілістер жалғасты. Ал осы кезеңге дейін командасын алға сүйреп, көзге түскен көшбасшы футболшылар туралы толығырақ тоқталайық:
Килиан Мбаппе үздіктер тізімін бастап тұр. Француз шабуылшысы 5 голдың авторы атанып үлгерді. Алда жартылай финалдық ойын күтіп тұр.
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси көшбасшылар легін жалғайды. Өз карьерасындағы бесінші біріншілігінде екі нәтижелі пас беріп, төрт гол соғып үлгерді.
Оливье Жирудің да еншісінде төрт гол бар. Шабуылшы Карим Бенземаны жоқтатпай, жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеді. Сондай Оливье осы мундиальда өзінің 52-ші голын соғып, Франция құрамасы тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Бұған дейін бұл көрсеткіш Тьери Анриге тиесілі еді.
Сондай-ақ командасын алға сүйреген көшбасшылардың қатарын Доминик Левакович те қосылады. Хорватия құрамасының қақпашысы команданың жартылай финалға шығуына тікелей себепкер болды. Бразилия Хорватияға қарсы пенальти сериясында жеңілген еді.
Марокколық қақпашы Яссин Буну да үздіктер қатарында. Испаниямен кездесуде пенальти сериясында сәтті өнер көрсетіп, матчтың үздік ойыншысы атанды.
Аталған ойыншыларды жартылай финалдық ойындар күтіп тұр. Шешуші сәт, сыналар сын сағаттар әлі де алда.
Дархан Рахымжан
Автор
Дархан Рахымжан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08
Қазақстанда буын тіндерін қалпына келтіру технологиясы әзірленіп жатыр
16.09.2026, 10:05
Елімізде су нысандарын жаңартуға француз технологиялары тартылады
16.09.2026, 10:04
ЕО 15 жасқа дейін балалардың әлеуметтік желіні қолдануына шектеу қоюды ұсынбақ
16.09.2026, 10:04
АҚШ ғарышқа қару шығарғанын мойындады
16.09.2026, 10:03