Ақмола облысынан депутаттыққа бес үміткер тіркелді
Ақмола облысынан Парламент Сенатының депутаттығына 5 үміткер тіркелді. Олар - өзін-өзі ұсынғандар.
Кандидаттарды тіркеу 14 желтоқсанға дейін жалғасады. Одан кейін барлық үміткерлер жайлы мәлімет бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Сенат депутаттығына кандидат 30-ға толған, соңғы 10 жылда ел аумағында, ал сайлауға түсіп жатқан облыста 3 жыл тұрған болуы керек. Жоғары білімі мен еңбек өтілі де қаралады.
Сенат депутатын жергілікті мәслихат депутаттары таңдайды. Ақмола облысында 237 сайлаушы бар. Олардың барлығы Көкшетауда бір жерде дауыс береді.
Манарбек Садуов, Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Біреуі кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты. Екіншісі - аудан әкімі. Үшіншісі - біздің облыс мәслихатының депутаты. Төртіншісі - мұғалім, ол кісі де ұсынып жатыр өзін, сосын мәдениет басқармасының бастығы. Енді 5 адам. Бесеуін де заң талаптарына тексердік. Бесеуі де лайық деп есептейміз. Енді қайсысын таңдайды ол депутаттардың құзырында.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің бірнеше өңірінде күн күрт бұзылады
20.10.2026, 17:07
Ресей қатерлі ісіктің бірнеше түрін емдейтін препарат тіркеді
20.10.2026, 17:05
Трамптың рейтингі құлдырады
20.10.2026, 17:04
Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша үздік 20 елдің қатарында
20.10.2026, 17:02
Астана әуежайы биометриялық тексеріп тұруы мүмкін
20.10.2026, 17:00
«GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026»: Арал өңірінде халықаралық волонтерлер апталығы өтуде
20.10.2026, 16:18
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр
20.10.2026, 13:15