Жетісу облысының Қытаймен тауар айналымы 720 млн АҚШ долларына жетті
Жетісу облысының Қытаймен тауар айналымы соңғы жарты жылда 720 млн АҚШ долларына жетті. Достық станциясында транзиттік жүкті сұрыптайтын терминал салынып жатыр.
Жылына 9 млн тонна жүк сақтап, өңдейтін тағы бір ірі логистикалық кешен құрылысы басталды. Бұл туралы Талдықорғанда өткен Қазақстан мен Қытайдың өңіраралық бизнес форумында айтылды. Экономиканы еселеп, тауар айналымды нығайтуға бағытталған бас қосуға Жетісу облысы мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының басшылары қатысты.
Шекаралас екі аймақ инвестициялық әлеуетін таныстырып, нақты жобаларға тоқталды. Кездесу барысында тараптар шекаралы аймақта электр қуатын өндіретін нысандар салу бойынша меморандумға қол қойды.
Ма Чженсян, «Твеа» компаниясының халықаралық қатынастар бойынша директоры:
Біз қазір Қазақстанға нақты үш бағыт бойынша жобаларымызды ұсынып отырмыз. Біріншісі 50 мегаваттық күн көзінен қуаталатын станция. Екіншісі 350 мегаватттық газ электрстанциясы. Және 500 мегеваттық жел электрстанциясы. Осы үш жобаны аяғына дейін жеткізуге бар күшімізді саламыз.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10