Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды
Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды. Үміткерлерді ұсыну 14 желтоқсанға дейін жалғасқан болатын. Елордада осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп жатыр. Қазір бізбен әріптесім Дарын Сағитов тікелей байланыста.
Дарын Сағитов, тілші:
Орталық сайлау комиссиясы жаңа ғана үміткерлерді тіркеудің қорытындысын жариялады. Бұл жұмыстар 29 қарашада басталған болатын. Бүгін сағат кешкі 18:00-де аяқталды. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары дәл осы уақыттан басталды. Оны өтуізуге 19 күн беріліп отыр. Яғни, 13 қаңтар күні түнгі сағат 00:00-де аяқталады. 13 қаңтар – тыныштық күні.
Отырыста сайлау бюллетеньдерін әзірлеу мен Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсының функционалды регламентін бекіту де пысықталды. Еске салай кетейін, Санат депутаттарын сайлау 14 қаңтарда өтеді.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026»: Арал өңірінде халықаралық волонтерлер апталығы өтуде
20.10.2026, 16:18
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр
20.10.2026, 13:15
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05