Қаңтар оқиғасына қатысты мәселе депутаттар назарында
Мәжіліс қаңтар оқиғасының жай-жапсарын талдап-талқылауды жалғастырады. Оған қатысты мәселе депутаттардың ұдайы назарында болады. Палата төрағасы Ерлан Қошанов бүгін осылай деп мәлімдеді.
Жыл ішіндегі оқиғалар мемлекеттің, қоғамның болмысы мен табиғатын түбегейлі өзгертті. «Қаңтар оқиғасы» ауыр сынақ әрі сабақ болғанын айтты. Жаңа жыл басындағы алғашқы жиындардың бірінде бұл мәселе тағы да арнайы қаралады деді.
Жалпы биыл Мәжіліс 154 заң жобасын қараған. Оның 93-і талқыланып, Сенатқа жолданды. Құжаттардың 75-іне Президент қол қойды.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
2022 жыл шын мәнінде сындарлы тарихи мезгіл болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елде кең көлемді әрі батыл саяси реформаларды қолға алды. Бұл оң өзгерістерді Жалпыхалықтық референдумда азаматтарымыздың қызу қолдағанына бәріміз куәміз. Міне осы жолда депутаттарды да ерен еңбек еткенімізді атап өткім келеді.
Әсима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Егін жинау науқаны: 2,6 млн гектардан дәнді-дақыл жиналды
18.08.2026, 17:35
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Жол жөндеуге 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Ресейде егін ору қиындап кетті
18.08.2026, 17:15