Басты Жаңалықтар Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады

Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады

Петропавл қаласындағы құбыр зауыты жылына 15 мың тонна өнім шығарады.

Басты мақсат – импортқа тәуелділікті төмендетіп, ішкі нарықта бәсекеге қабілеттелікті арттыру, дейді зауыт басшылығы. Кәсіпорынның негізгі бағыты – су және жылу жүйелеріне арналған құбырлар өндірісі. Мемлекеттік қолдаудың арқасында зауыт құрылыс саласына қажетті материалдар шығаруды қолға алды. Кәсіпорында 30-дан астам адам еңбек етеді. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.

Фархат Жоламанов, зауыт қызметкері:
Зауыт 19 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Біздің басты артықшылығымыз – диаметрі 20 миллиметрден 1200 миллиметрге дейінгі құбырларды өндіру мүмкіндігі. Бұл құбырлар сумен жабдықтау және кәріз жүйесінде қолданылады. Өнім Қазақстанның өңірлеріне жеткізіледі.


Бөлісу