Басты Жаңалықтар Таразда жол жөндеуге ₸30 млрд бөлінген

Таразда жол жөндеуге ₸30 млрд бөлінген

Таразда 30 жылдан астам уақыт күрделі жөндеу көрмеген жолдар бар. Сондықтан қала билігі тозығы жеткен көшелерді толық жөндеп, тіпті тар жолдарды кеңейтіп жатыр. Бұған бөлінген қаржы да аз емес. Соңғы 4 жылда жол инфрақұрылымын жақсартуға 18 млрд теңге қаржы бөлінген.  Данияр Әлімқұл жол құрылыс жұмыстарын көріп келді.

Жібек жолының жүрегі саналатын Тараз қаласы тоғыз жолдың торабында жатыр. Сондықтан сыртқы сауда жолы мен қалаішілік автожолдың бітеқайнасқан байланысында сапа тұрғысынан айырмашылық болмауы керек. Алайда шаһарда шағал тас төселген 500-ге жуық көше бар. Әкімдік мәселені шешу үшін биыл 42 көшені жөндеп жатыр.
Мұратбек Есебаев, мердігер компания директоры:
Бұл Ырысбек батыр көшесі, көшенің ұзындығы 1,9 шақырым. Ескі асфальтын алып тастап, жаңа асфальт салдық. 7 метрден 12 метрге дейін кеңейттік көшені. Қосымша автотұрақ жасадық, халықтың сұранысы бойынша.
Сондай-ақ арқан бойы созылған Асқаров көшесі де күрделі жөнделіп жатыр. 5,2 шақырым жолға екі қабаттан тұратын асфальт төселді. Бұған дейін әулиеаталықтарды әбден әбігер еткен 3,2 шақырымдық Қойгелді көшесінде де құрылыс жұмысы қарқынды. 
Бауыржан Дүйсенбиев, Тараз тұрғыны:
Жақсы нәтижелі жол, мына жерден тротуарлары салынып жатыр. Су арықтары салынып жатыр. Бордюрлары жаңарып жатыр. Құрылыс қарқыны өте жақсы деп айтуға болады, қуантады, жақсы керемет. Мына жолдың айналма жолын да салып жатыр.
Дамир Жаманбаев, қала әкімінің орынбасары:
Бізде қазір қайта жаңғыртудан өткен көшеміз 7 көше. Ол былтырғыдан өтпелі. Қалған көшелер орта жөндеуден өтті. Биылғы жылға бөлінген қаражат 4,8 млрд теңге, 3 нысанымыз бар біздің, одан бөлек 10 көшеміз бар орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Жалпы биыл жөнделетін көшелер бойы 15 шақырым жаяу жүргіншілер жолымен де қамтылады.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Таразда 2 200 шақырымнан асатын жол бар десек оның мың жарым шақырымы асфальтталған. Жалпы соңғы 4 жылда 516 көше орташа және күрделі жөндеуден өтті. Бұған 18 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды.
Ал қаржының 70 пайызы ұлттық қордан, қалғаны жергілікті бюджеттен бөлінген. Айта кетейік, келер жылы Таразда тағы 40-тан астам көше жөнделеді.


Бөлісу