Қарағанды облысында жолда қалған 200 адам құтқарылды
Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 200 адам құтқарылды. Оның 43-і бала. Өткен түнде аймақтағы жолдарда 80 жеңіл көлік тұрып қалған. Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде жетіп, далада қалған жолаушыларды түгелдей қауіпсіз жерге апарды.
Зардап шеккендер жоқ. Ал Ақтау елді-мекеніндегі үш жүкті келіншек Теміртаудағы перзентханаға жеткізілген. Кеше басталған ат құлағы көрінбейтін ақтүтек боран әлі де сейілер емес. Қазір барлық бағыттағы жолдар жабық.
Нұржан Жақатаев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы:
Қарағанды облысының аумағында дауылды ескерту жарияланды. Қазіргі уақытта ауа-райы жағдайының нашарлауына байланысты қар, бұрқасын, екпінді жел, көрінудің шектелуінен республикалық маңызы бар тас жолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысы жабылды. Автожолдардың жабық учаскелерінде бекеттер ұйымдастырылды.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Саябақта қоқыс тастамау – мәдениет белгісі
07.08.2026, 13:25
Қайтарылған активтер есебінен тағы екі мектеп салынып жатыр
07.08.2026, 13:17
Алтынды заңсыз қазып жүргендер ұсталды
07.08.2026, 13:15
Мұқыр–Құлсары тасжолы жөнделіп жатыр
07.08.2026, 13:12
Конституциялық өзгерістер демократияны күшейтті
07.08.2026, 13:10
Трамп азаматтық алу мүмкіндігін шектей бастады
07.08.2026, 13:07
Таиландта мектептегі атыстан 8 адам қаза тапты
07.08.2026, 13:03
Астанада заңсыз тұрған көліктерді эвакуациялау күшейтіледі
07.08.2026, 13:00