Басты Жаңалықтар Астанада заңсыз тұрған көліктерді эвакуациялау күшейтіледі

Астанада заңсыз тұрған көліктерді эвакуациялау күшейтіледі

Астанада автотұрақтарды басқару жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Қалада заңсыз қойылған көліктерді эвакуациялау күшейтіліп, ақылы тұрақтардың тарифі қайта қаралуы мүмкін. Қазір елорда жолдарының 30 пайызы цифрлық бақылауда. Бұл көрсеткішті 70 пайызға жеткізу үшін қосымша 28 аппараттық кешен орнату жоспарланған. Ай сайын заңсыз тұраққа қойылған көліктер бойынша 700-ден астам өтінім түсіп, орта есеппен 530 автокөлік коммуналдық тұраққа жеткізіледі. Осыған байланысты қалаға тағы 10 эвакуатор сатып алу және эвакуация қызметінің қазіргі 13 мың теңгелік тарифін қайта қарау ұсынылды. Сонымен қатар ақылы автотұрақтарға сараланған тариф енгізу жоспарланып отыр. Қала үш аймаққа бөлініп, әрқайсысында тұрақ құны әртүрлі болады. Жаңа жүйені тамыздың соңы немесе қыркүйектің басында іске қосу көзделіп отыр. Бұрын автотұрақтарды басқару жүйесін жекеменшік компания басқарған болса, енді ол толықтай әкімдік меншігіне өтті.


Бөлісу