Қайтарылған активтер есебінен тағы екі мектеп салынып жатыр
Жетісу облысында қайтарылған активтер есебінен екі мектеп салынып жатыр. Оның бірі - Көксу ауданындағы Рудничный ауылында. 200-ге жуық оқушы жаңа оқу жылын осы мектепте бастайды. Құрылысқа 2 млрд 500 млн теңге бөлінді. Ғимаратта шағын орталық пен мектепалды даярлық тобы ашылады. Айта кетейік, Жетісу облысында соңғы үш жылда қайтарылған активтер есебінен 29 әлеуметтік нысан салынды. Оған 42 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.
Мұрат Нұрмұханов, облыстық Прокуратураның басқарма бастығы:
13 мың тұрғыны бар 21 елді мекенде заманауи медициналық құралдармен жабдықталған 21 денсаулық сақтау нысаны салынды. 4 ауылға су құбыры тартылып, олардың барлығы сапалы ауыз сумен қамтылды.
Жетісу облысында мектеп тапшылығын азайту үшін 5 мектеп салынып жатыр. Одан бөлек 3 білім ордасы жөнделуде. Бұл
орын тапшылығын азайтып, балалардың жаңа әрі жайлы мектептерде білім алуына
мүмкіндік береді.
Алмас Шайыхов, облыстық Білім
басқармасы басшысының орынбасары:
Қаратал ауданы Морозов мектебіне қаражат бөлініп, салу жұмыстары басталды. Көксу ауданы Балпық би мектебіне қаражат бөлу қарастырылып жатыр. Талдықорған қаласында 1200 орындық мектептің құжаттары дайын, өтініш берілді.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Саябақта қоқыс тастамау – мәдениет белгісі
07.08.2026, 13:25
Алтынды заңсыз қазып жүргендер ұсталды
07.08.2026, 13:15
Мұқыр–Құлсары тасжолы жөнделіп жатыр
07.08.2026, 13:12
Конституциялық өзгерістер демократияны күшейтті
07.08.2026, 13:10
Трамп азаматтық алу мүмкіндігін шектей бастады
07.08.2026, 13:07
Таиландта мектептегі атыстан 8 адам қаза тапты
07.08.2026, 13:03
Астанада заңсыз тұрған көліктерді эвакуациялау күшейтіледі
07.08.2026, 13:00
Қазақстанда апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді
07.08.2026, 11:24