Басты Жаңалықтар Мұқыр–Құлсары тасжолы жөнделіп жатыр

Мұқыр–Құлсары тасжолы жөнделіп жатыр

Атырау облысында республикалық маңызы бар Мұқыр – Құлсары тас жолы орташа жөндеуден өтіп жатыр. Жоба Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын жаңғырту және еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Ұзындығы 136 шақырымнан асатын жол кез келген тасымалдың уақыты мен шығынын айтарлықтай қысқартып, шалғай елді мекендердің қатынасын жеңілдетеді. 43 шақырымдық бірінші жоба бойынша жолдың астынғы қабаты толық жаңартылды.

Самат Айтқалиев, мердігер мекеме өкілі:
Ірі түйіршікті асфальтобетон қабаты толығымен аяқталды. Жобада көрсетілген 21 су өткізгіш құбыры орнатылды. Қазіргі таңда жолдың жол жабындысының беткі қабатын уақ түйіршікті асфальтобетон жұмыстары жүргізілуде.
Ал 93 шақырым болатын екінші жоба қыркүйекке дейін аяқталады. Одан кейін жол белгілері сызылып, таңбалар орнатылады. Жалпы, 136 шақырым жолдың 95 шақырымы қазір толық дайын. Жоба құны 22 миллиард теңге. Қаражат Қазақстан даму банкінен бөлінген.
Азат Қаракөзов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары:
Жоспарға сәйкес, жұмыстар толығымен жүріп жатыр. Осы қыркүйек айында 43-136 шақырымы тапсырылады. 31-42 шақырымы тамыз айына дейін тапсырылады. Қалған учаскелер қазан айына дейін тапсырылады.


Бөлісу