Шымкентте баспана кезегінде тұрғандарға пәтер беру тәсілі өзгереді
Шымкент қаласында биылдан бастап баспана кезегінде тұрғандарға пәтер беру тәсілі өзгереді. Жергілікті билік енді оларға дайын баспана сатып әперуді бастамақ. Өйткені құрылыс материалдары бағасының тоқтаусыз өсуі тұрғын үй салуды қиындатып отыр.
Әкімдік құрылыс компанияларына аумағы, сапасы мемлекеттік бағдарлама талаптарына сай келетін үйлерді тапсырыспен салдыратын болды. Әзірге бұл тәсілді тәжірибе ретінде сынап көрмек.
Бүгінгі таңда мегаполисте тұрғын үй кезегінде 45 мыңнан астам азамат бар. Былтыр олардың 365-і «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында, 857-сі жастар бағдарламасы бойынша және 1300-дей азамат несиеге берілген баспанамен қамтылды.
Мақсұт Исахов, қала әкімінің орынбасары:
2023 жылы біз екі бағытта да жұмыс істейміз. Өзіміз де саламыз, дайын пәтерлерді де сатып аламыз. Ал жалпы халықаралық тәжірибеде дайын үйді сатып алады екен. Негізі біз де соған қарай бет бұрып жатырмыз. Өйткені үй салу деген қиын проблема.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10