Шымкентте биылдан бастап баспана кезегінде тұрғандарға пәтер беру тәсілі өзгереді
Шымкентте биылдан бастап баспана кезегінде тұрғандарға пәтер беру тәсілі өзгереді. Жергілікті билік енді оларға дайын баспана сатып әперуді бастамақ. Өйткені құрылыс материалдары бағасының тоқтаусыз өсуі тұрғын үй салуды қиындатып отыр. Әкімдік құрылыс компанияларына аумағы, сапасы мемлекеттік бағдарлама талаптарына сай келетін үйлерді тапсырыспен салдыратын болды. Әзірге бұл тәсілді тәжірибе ретінде сынап көрмек. Бүгінгі таңда мегаполисте тұрғын үй кезегінде 45 мыңнан астам азамат бар. Былтыр олардың 365-і «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында, 857-сі жастар бағдарламасы бойынша және 1 мың 300-дей азамат несиеге берілген баспанамен қамтылды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53