Таяуда Мәжіліс таратылуы мүмкін
Таяуда Мәжіліс таратылуы мүмкін. Бұл туралы төменгі палата қабырғасында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов айтты.
Депутаттың сөзінше, нормативтік-құқықтық база дайын. Тиісті заңдарға сайлауға қатысты түзетулер де енгізілді. Сондықтан осы немесе келесі аптада тиісті шешімдер қабылдануы мүмкін.
Оның үстіне Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын биылғы жылдың бірінші жартысында өткізу туралы Президент ұсынысы да бар. Еске сала кетсек, жақында бұқаралық ақпарат құралдарында 16 қаңтарда Парламент Мәжілісі таратылуы мүмкін екені хабарланған болатын.
Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біріншіден, көңілім толады деп айта алмаймын. Әр шақырылымның өз міндеттері болады. Әрине көп жұмыстар атқарылды, оған ешкімнің дауы жоқ. Көптеген өзгерістерді жасап жатыр. Бірақ жұмысты әрі қарай жетілдіру керек.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр
20.10.2026, 13:15
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05
Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
20.10.2026, 13:03