Алматы облысынан Сенат депутаттығына 2 адам кандидат ретінде тіркелді
Алматы облысының таңдаушылары Сенат депутатын сайлауға тіркеуден өтті. Аймақта дауыс беру енді ғана басталады. Жалпы, өңірден бастапқыда 5 азамат үміткер ретінде ұсынылған. 3 адам талапқа сай келмей, тек 2 адам кандидат ретінде тіркелді. Біреуі Жамбыл және Кеген аудандық мәслихаттарымен ұсынылса, екіншісі өзін-өзі ұсынған. Бүгінгі саяси шара аясында әуелі мәслихат депутаттарының бірлескен отырысы өткізілді. Онда дауыс беру тәртібі түсіндірілді. Алматы облысы бойынша қалалық, 10 аудандық және облыстық мәслихат депутаттарынан 204 таңдаушы тіркелген.
Мейрамгүл Айтова, Алматы облысы аумақтық Сайлау комиссиясының төрайымы:
Әрине, әр аумақтан сайланған депутаты өз аумағының тыныс-тіршілігімен, мәселелерімен танысып, шеше алатын азаматтар сайланады деп ойлаймын. Дауыс беруге барлық жағдай жасалған. Сайлау комиссиясының мүшелері толық. Осы Қонаев қаласы облыс орталығы болғаннан бері Сенат депутаттығына сайлау алғаш рет өтіп отыр.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр
20.10.2026, 13:15
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05
Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
20.10.2026, 13:03