Абай облысының медициналық авиациясы жаңа ұшақпен толықты
Абай облысының медициналық авиациясы жаңа ұшақпен толықты. L-410 маркалы әуе техникасы бір мезетте 3 науқасты тасымалдауға арналған. Сондай-ақ 5 бірдей медицина маманын қажет жерге жеткізе алады. Бортында реанимациялық көмек көрсететін заманауи ұшақ алғашқы науқастарды Үржар мен Аягөз ауданынан облыс орталығына жеткізді. Мамандардың айтуынша, экстрималды жағдайға бейімделген техника аэродромы жоқ жерлерге де қона алады. Сол арқылы шалғай ауылдарға қатынап, жедел медициналық жәрдем көрсетуге ыңғайлы.
Әділет Мұқатов, ұшқыш:
Ұшақ экстрималды жағдайда, 50 градус суықта да ұша береді. Өте қысқа ұшып-қону жолақтарына, тегіс жерлерге, тіпті қар үстіне де қона алады. Тікұшақ пен басқа ұшақтар бара алмайтын елді мекендерге жедел жетіп медициналық көмек көрсетуге жақсы болды.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15