Шымкентте 100-ге жуық адам еңбекақысын ала алмай жүр
Шымкентте 100-ге жуық адам былтырдан бері жалақысын ала алмай жүр. Тірлігі тоқыраған 4 кәсіпорынның жұмысшылар алдындағы қарызы 17 миллион теңгеден асады. Еңбекақысын даулаған азаматтар құзырлы орындарға шағымданғанымен, әзірге нәтиже жоқ. Өндіріс орындары жұмысын тоқтатқандықтан берешекті өндіру мүмкін болмай отыр. Жұмысшылардың алашағын өндіру үшін еңбек инспекциясы кәсіпорындардың үстінен сотқа арыз жолдады.
Сондай-ақ мегаполисте жұмыс кезінде жазатайым оқиғалар көбейген. Былтыр осындай 32 жағдай болып, одан 47 адам зардап шеккен. Олардың арасында алған жарақаттарынан тіл тартпай кеткендер де бар.
Бауыржан Қалжанов, қалалық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:
Өкінішке орай бұл жерде 9 адам қаза тапты. Барлық жағдай бойынша тергеп, тексеру жұмысы жүргізіліп, заңнамаға сәйкес ішкі істер органдарына процессуалды шешемдер қабылдау үшін нәтижелері жолданды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53