Шымкентте газ тапшы: Жылу қазандықтары мазут жағуға көшті
Табиғи газ тапшылығына байланысты Шымкент қаласындағы жылу қазандықтары қымбат та болса мазут жағуға көшті. Газ тарату мекемесінің сұранысы бойынша энерго орталықтар көгілдір отын тұтынуды 20 пайызға дейін азайтты. Олар бұған дейін сағатына 57 мың текше метр газ пайдаланып келсе, енді 39 мыңға дейін кемітуге мәжбүр. Мамандардың айтуынша жылу өндіру үшін мазутты пайдалану газға қарағанда анағұрлым қымбат. Соған қарамастан қазір мегаполиске жылу беру кестеге сай жүріп жатыр. Жылу өндіруге кететін шығын артқанымен тариф бағасы сол күйінде сақталмақ. Бүгінгі таңда орталықтарда 10 күндік отын қоры бар.
Қайрош Оңғарбаев, "3-Энергоорталық" АҚ бас директоры:
Мазут жаққалы бері Қазіргі кезде біз 320 миллион теңге шығынға батып отырмыз. Осы мәселе бойынша әкімдікке шыққан болатынбыз. Әкімшілік мазут мәселесін шешіп беруге көмектесеміз деп отыр. Министрлікке хат жазамыз деп отыр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10