Үкімет отырысында тасқынның алдын алу жайы қаралды
Өңірлерде су тасқынының алдын алу жұмыстары нашар жүріп жатыр. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов осылай деді. Жүйелі іс-шаралар қабылданбайды, тұрғындар тарапынан шағым көп. Тасқын салдарынан елдің баспанасы мен мүліктері бүлініп, малы қырылып жатыр. «Ауа райын болжаушылар ақпанда оңтүстік өңірлерде күн жылынып, жауын-шашын болуы мүмкін деп отыр. Сондықтан, әкімдіктер су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтуі қажет», - деді Үкімет басшысы. Солтүстік облыстарда қарды дер кезінде шығаруды қолға алу керек. Арықтар мен кәріз жүйелерін тазартып, уақытша бөгеттер салу маңызды. Жұмыстарды тиянақты жүзеге асыру үшін уақытылы қаржы бөлу керек.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Қазірдің өзінде 255 елді мекен мен 100 мыңнан астам үй қауіпті аймақта тұр. Ең бастысы мұндағы халықтың жағдайына алаңдауымыз керек. Биыл қыс қарлы болды. Ауа райы күрт жылынып кетсе, су басу қауіпі күшейеді. Ақтөбе және Алматы облыстарында қазірдің өзінде елді мекендердің көшелерін су басып жатқаны туралы фактілер бар.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр
20.10.2026, 13:15
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05
Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
20.10.2026, 13:03