Қазақстан мен Иран сауда және ауыл шаруашылығы саласында бірлескен компания құруы мүмкін
Қазақстан мен Иран сауда және ауыл шаруашылығы саласында бірлескен компания құруы мүмкін. Елордада екі ел арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысы өтті. Оған вице-премьер, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Иранның Ауыл шаруашылығы министрі Сейед Джавад Садати Неджад қатысты. 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иранның сауда-саттығы жарты млрд долларға жетті. Тараптар Парсы шығанағы, Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдерінде сауданы дамыту үшін бірлескен компания құруды пысықтауға келісті. Шара аясында ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның хаттамасына қол қойылды.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі:
Қазақстан Иран нарығына дәстүрлі экспорттық тауарлардан басқа біздің сиыр мен қой етін жеткізуге мүдделі. Ирандық әріптестермен бірлесіп біз елдеріміз арасында ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізуді жолға қою және тауар айналымын 1 млрд-қа дейін жеткізу мәселелерімен жұмыс істеуге дайынбыз.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда бір топ адам баспаналы болды
06.08.2026, 13:27
Ақмола облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 21 мүшесі сотталды
06.08.2026, 13:21
БҚО-да 232 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
06.08.2026, 13:18
Шымкентте үштегі бала терезеден құлап, мерт болды
06.08.2026, 13:15
Чилиде алапат су тасқынына қарсы күрес жалғасып жатыр
06.08.2026, 13:12
Қытай аумағына кіріп-шығу тәртібі өзгереді
06.08.2026, 13:09
Жамбыл облысында 7 жаңа сайлау учаскесі ашылды
06.08.2026, 13:06
Сайлау учаскелерінің дайындығы тексеріле бастады
06.08.2026, 13:03