БҚО-да 232 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Батыс Қазақстан облысында судағы қауіпсіздік талаптарын бұзға 232 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 3,5 млн теңге айыппұл салынды.
Өңірде шомылу маусымы басталғалы 6 адам суға кетіп, көз жұмды. Олардың
4-і бала. Облыс аумағында шомылуға арналған 34 орын белгіленген. Табиғат қорғау
прокуратурасы құтқарушылар, полиция қызметкерлерімен бірлесіп, рейдке шықты.
Әсіресе демалыс күндері қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Аптап ыстықта судан сая
іздегендерге қарапайым ережелер түсіндіріледі. Үш өзенде құтқару батальонының
10 жеке құрамы қауіпсіздікті бақылайды. Облыс орталығында 7 орында, сондай-ақ
Ақжайық, Бөрлі, Теректі аудандарында құтқару жасағының бөлімшелері жұмыс
істейді.
Зарина Ерсайынқызы, облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының
аға прокуроры:
Қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – жабдықталмаған жерлерде шомылу, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруы және қауіпсіздік қағидалары талаптарының сақталмауы. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде су айдындарындағы оқиғалар санының төмендеу үрдісі байқалады.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06