Қазақстанда Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды
Жаңа аңдатпамызда айтқанымдай, көктемгі су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің басқаруымен өткен кеңесте айтылды. «Қазгидрометтің» болжамынша, қаңтардың 31-мен ақпанның 4-і аралығында елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы да күрт көтеріледі. Ал, Төтенше жағдайлар министрінің мәліметінше, қалың қар мен мұздың еруінен су жиналып, өзендер арнасынан асуы мүмкін. Осыған байланысты Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл мен Жетісу облыстарына азаматтық қорғау бөлімшелерінің жұмысын күшейту тапсырылды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Әкімдіктер ТЖМ-мен бірлесіп, қажетті шұғыл шараларды қабылдауы қажет. Қазір бізге су тасқынына дайындық шараларын күшейту керек. Ауа райының күрт жылынуынан тасқын қаупі туындап отырғаны баршамызға белгілі. Бұл бағытта тиісті шараларды жедел үйлестіру үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған арнайы Үкіметтік комиссия жұмысын бастайды.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр
20.10.2026, 13:15
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05
Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
20.10.2026, 13:03