Қазақстандықтардың ЕуроОдақ елдеріне кіруі жеңілдеуі мүмкін
Қазақстандықтар үшін ЕуроОдақ елдеріне кіру режимі жеңілдеуі мүмкін.Сыртқы істер министрлігі ресми өкілінің айтуынша, одаққа кіретін елдердің басшыларымен осы сұрақ талқыланып жатыр. Келісімдер сәтті аяқталса визалық режим жұмсаруы мүмкін. Яғни талаптардың біразы алынады деген сөз. Бұдан бөлек, біздің елде білім алып жатқан ауғанстандық студенттер туралы айтылды. Негізі бұл бұрыннан бар бағдарлама, тек сол елдегі жағдайға байланысты уақытша тоқтатылған. Ресми өкіл ауған жастары Біріккен ұлттар ұйымының үйлестіру бағдарламасы аясында оқып жатқанын жеткізді.
Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
Ол біздің жоғарғы оқу орындары. Бірақ қаражат толығымен Еуропалық одақтың қаражаты. Сондықтан Еуропалық одақ төлейді. Бірақ біздің жоғарғы оқу орындарында сол қаражат қалады. Ал көбісі түсінбей, оны біздің үкімет төлеп жатыр деп наразылық білдіріп жатыр.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06