Басты Жаңалықтар АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді

АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді

Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан азаматтары да Құрылтай сайлауы ел болашағына тікелей ықпал ететінін жақсы түсінеді. Олардың арасында «Болашақ» бағдарламасымен оқып жүрген жастар да бар. Студенттер  жуырда ғана Америкадағы Қазақсан елшісімен кездесіп, еліміздегі саяси өзгерістерге қатысты ойларын ортаға салды.

Есенғазы Тұралин, «Болашақ» стипендиясының иегері:

Біздің мемлекеттк болып жатқан саяси үлкен өзгерістер мемлекеттің дамуына үлкен септігін тигізеді. Соған біз келіп, даусымызды беріп, атсалысуға міндеттіміз деп ойлаймын. Елшілік бізге жағдай жасайды. Біз келіп, дауыс береміз.

Вашингтонда дауыс беретін азаматтар сайлаушылар тізіміне енгізіледі. Нөмірі 413-учаскеге тіркелу үшін елшілік сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет. Дауыс беру кезінде төлқұжат, жеке куәлік немесе eGov Mobile-дегі цифрлық құжатты көрсетуге болады».

Айгүл Игебаева,«Болашақ» стипендиясының иегері:

Атсалысып, бәріміз қатысамыз. Бізден ол үлкен үлес болады.

АҚШ-тағы учаскелер Вашингтон, Нью-Йорк және Сан-Франциско қалаларында 23 тамызда ашылады. Дауыс беру уақыты мен мекенжайлары туралы толық ақпарат Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі мен бас консулдықтарының ресми сайттарында көрсетілген.


Бөлісу