Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
Жаңаөзен мен іргелес жатқан ауылдарға енді су уақытылы жетеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «ҚазМұнайГаз» компаниясы «Кендірлі» зауытын іске қосты. Тақырыпты тілші тарқатады.
Жаңаөзен мен оған жақын орналасқан елді-мекендер ұзақ жыл ауыз су тапшылығын көрді. Сұраныс көлемі күрт артқан кезде тіршілік нәрі кейбір ауылдарға тәулігіне небәрі 3 сағатқа, ал Жаңаөзенде 9 сағатқа ғана берілетін. «Кендірлі» зауыты іске қосылғалы тұрғындар бұл машақаттан құтылды.
Алдаберген Каменов, Қызылсай ауылының тұрғыны:
2006 жылдары әр үйге тартылды құбыр, оған дейін водовозбен тасыдық. Заявка беріп. Жаңаөзен қаласы бойынша Тоқпата су заводы ашылып, қазір су біркелкі келіп тұр.
Мергенбай Қапарбаев, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзенинвест» МКК бас инженері:
Судың қорын жинақтау үшін түнгі сағат 12 ден кейін тоқтатамыз, таңғы сағат 6 ға дейін су жинақтайтын едік. Мұның бәрі өтіп кетті енді. Биылдан бастап су салынғалы тарихи жағдай – суымыз жетеді.
Су зауытқа тікелей Каспий теңізінен келіп түседі. Оны алу 11 метр тереңдікте ұзындығы шамамен 730 метр болатын екі арнайы құбыр төселген.
Мақсат Ибағаров, «Кендірлі» су тұщыту зауыты» ЖШС бас директоры:
Сапалы зауыт салынды. Замануи талаптарға сәйкес. Барлығы санитарлық нормаларға сәйкес келіп тұр.
Ғалым Байжанов, Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы:
Қазмұнайгаз, облыс әкімдіктерінің қолдауымен Тоқмақтыдан 50 мың кубқа арналған зауыт салынды. Бүгінгі күні сол жақтан қажетті көлемде су жеткізіліп тұр.
Зауыттың
жанынан арнайы зертхана да құрылған. Мұнда мамандар әр төрт сағат сайын су
сынамасын алып, талдауын жасап отырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы