Атыраудағы Жылыой және Исатай ауданы аумағында 260 гектар аумақтағы қамыс жанып кетті
Атыраудағы Жылыой және Исатай ауданы аумағында қамыс өртенді. Соның салдарынан шаһарды ыс басып қалды. Оқиға Каспийге жақын жерде болған. Теңіз жағалауында 100 шақырым радиуста аэровизуалды тексеру жүргізілді. Тікұшақпен барлау жұмысының нәтижесінде бас-аяғы 260 гектарға жуық аумақты жалын шарпығаны анықталды. Сонымен қатар, 3 жану ошағы тіркелді. Тілсіз жау әсіресе Исатай ауданындағы аумақта ырық бермей тұр. Мамандар қызыл жалынның қалаға және елді мекендерге қауіп төндірмейтінін айтады. Қазір өрт ошақтарын жою мәселесі қарастырылып жатыр.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06