Пияз бағасы еліміздің 9 қаласында екі есе қымбаттады
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 0,4 пайызға көтерілді. Ал бір жылда 23,5 пайызға өскен. Бұл мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы таратты. Өткен аптада пияз бірден 14,3 пайызға қымбаттады. Жыл басынан оның бағасы 40 пайызға көтерілсе, соңғы 12 айда 87 пайызға қымбаттаған. Шекер бір жылда 58 пайызға қымбаттаса, өткен аптада керісінше 0,7 пайызға арзандады.
Пияз бір жылда әсіресе Жезқазғанда қымбаттаған. Өңірде көкөніс бағасы 179 пайызға көтерілді. Қостанайда шамамен 130, Таразда 129, Қызылордада 125 пайызға қымбаттаған. Соңғы аптада пияз бағасы Қостанай, Жезқазған, Атырауда біршама көтерілді.
Айта кетейік, жақын күндері өңір әкімдіктері қордағы көкөністерді, оның ішінде ең алдымен пиязды сатуды бастайды.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06