Жылусыз жайқалып тұрған жылыжайдың сыры неде?
Қызылорда облысы, Ахай ауылында жергілікті тұрғын жылыжайды баптаудың тың әдісін ойлап тапқан. Биыл қыс ызғарлы болса да, бағбан 5 мың түп салат жапырағы мен арпадан мал азығын өсіріп отыр. Ерекше күтім жасалған жылыжайдың сыры неде?
Ерлан Жаппасбаев физика іліміне сүйеніп, жылыжайды жылытудың ерекше тәсілін тапқан. Үрлемелі қондырғылар арқылы суықты сыртқа, жылы ауаны ішке жіберіп, күн сәулесімен-ақ қалыпты температура ұстап отыр. Жалпы ізденімпаз бағбан құнарлы топырақты да шет елден алдырмай, өзі әзірлейді.
Ерлан Жаппасбаев, жылыжай иесі:
Калифорниялық құрттарды бағып отырмын. Сол құрттан шыққан көңді сатпай, сол көңмен егіп отырмыз салат жапырақтарын. Нәтижесі өте жақсы. Кәдімгі Ресейден алынатын топыраққа еккеннен 30 пайызға артығырақ шығып тұр.
Жылыжайда негізінен салат жапырағы өсіріледі. Жалпы оның бір түбін көктеп жайқалтуға 40-45 күн қажет. Бірақ Ерлан өзі ойлап тапқан тыңайтқышының арқасында бір айға жуық уақытта өнім жинап отыр. Жалпы мұнан бөлек тағы басқа дақылдарға тәжірибе жүргізіп, одан да жақсы нәтиже шығарған.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Бұл футбол алаңына арналған көгал емес. Арпадан алынған құнарлы шөп. Мәселен, бір келі дәннен осындай 8 келі мал азығын алуға болады. Ал осыны өсіруге небәрі үш-ақ күн уақыт кеткен.
Мұны бастапқыда өзінің азын-аулақ төрт түлігіне деп еккен. Қазір арпадан алынған шөпке де сұраныс көп. Ауыл тұрғындары күндегісін күнде сатып алып, тіпті жеткізе алмауда. Ал молынан өсіруге жылыжай тарлық етіп тұр.
Айдарбек Бекжанов, Ақай ауылының тұрғыны:
Үш жыл болды осы жерден алып жүргеніме. Бұл енді сүтті де жақсы береді. Сауылған сиыр үйренсе, ол да жақсы жейді. Осы қақаған қыста жасыл шөп жеп отыр. Арасында арпасы бар. Тамыры бар, бәрін жейді ғой.
Ақайлық бағбанның арманы - осы өндірісті әрі қарай дамытып, елге кеңінен тарату. Бүгінде қосымша жерге үлкен жылыжай салып, 50 мың түп салат жапырағын өсірмек ниетте. Сондай-ақ, өз технологиясымен жасап шығарған құнарлығы жоғары тыңайтқышын келешекте молынан өндіріп, нарыққа шығаруды көздеп отыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17