Алматыда жаңа туған баласын 2 миллион теңгеге сатпақ болғандар ұсталды
Алматыда безбүйрек ата-ана жаңа туған шақалағын 2 миллион теңгеге сатпақ болған. Десе де, ерлі-зайыптының жаға ұстатарлық жоспары іске аспады. Қазір қылмыстық іс бойынша 32 жастағы ер адам мен оның 25 жастағы әйелі ұсталды. Жедел операция барысында келіншектің перзентханадан бірнеше сағат бұрын ғана шыққаны белгілі болған. Ерлі-зайыптылар құрсақта жатқан перзентінің болашақ ата-анасын алдын ала іздеген. Шақалақты 2 млн теңгеге бағалап, келісім жасасқан. Жаңа туған нәрестені сатудан түскен ақша айыпталушыларды ұстау кезінде тәркіленді. Аталмыш жұптың бұдан өзге екі баласы бары анықталды. Олар ауыр қылмыс бойынша өз кінәсын толықтай мойындап отыр.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06